0

Девальвацияландырылғандықтарыңыздан

Posted by admin on 01.07.2014 in Без рубрики |

Ассалаума әлейкім, көптен жаңара қоймаған блогым һәм оқырмандарым!

Арадағы үзілістен кейін Нұрғиса.кз блогы өзіңізбен қайта қауышып отыр. Әлеуметтік желілер мен микроблоггингтік тұғырлар дербес блог-платформаларды жұтады деген жұтаң әңгіме дабыра-дақпырт күйінде қала берсін. Біз блоггингтің пұшпағын илей берелік.

Тақырыпқа қатысты уәжіңізге бірден айтайын: эсэмэмшілердің кесірі. Осылай баттитып қойып, тартады екен. Тартқанда сізді, сізді тартады. Өздеріне қарасты кеңістіктерге де. Айтпақшы, 35 әріптік бұл сөзді төл валюта құнсызданған күні Фейсбукке жариялап ем, етегін кең жайып кетті, құрғыр. Авторлығы өзіме тиесілі екені мақтаныш болуы керек пе, жоқ па, онда шаруам жоқ, атойлатып тақырып қып қоюға, сіздерді елеңдетіп қоюға жараса болды :)

Не дейміз, ендеше, өмірдегіні, көңілдегіні бүкпесіз жазып тұруға тырысайық. Қызық болсын.

 

Метки: , , ,

Copyright © 2014-2016 Нұрғиса Асылбеков All rights reserved.
This site is using the Desk Mess Mirrored theme, v2.4, from BuyNowShop.com.